Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының алдында дәрігерлердің жагнкешті еңбегіне алғыс ретінде «Ақ халатты абзал жандар» аллеясы ашылды. Ауруханамыз ашылғалы бері қаншама ақ халлаты абзал жандар еңбек етіп халыққа қызмет көрсетіп келеді. Істеп жатқан адал еңбектері кей кездерде жеңіспен кейде жеңіліс тауып жатады. Дәрігерлердің жұмысы адалдықты талап ететін ауыр еңбек. Аллеяның ашылуы сол еңбектің бағаланып жатқаны.
"Сарыағашта «Ақ халатты абзал жандар» Аллеясы ашылды.
Аллеяның ашылу салтанатына Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов, Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев, Сарыағаш аудандық орталық ауруханасның басшысы Бахыт Мирзалиев, аудан депутаттары, медицина саласының ардагерлері, дәрігерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілген күн!!! Пандемияның алғашқы күндерінен-ақ еліміз бірігіп, індетті жеңуге жұмылды. Қыиын жағдайда медицина қызметкерлері алдыңғы қатарда күрескендердің сапында болды. Ашылған «Ақ халатты абзал жандар» аллеясы аса қауіпті індетпен бетпе-бет келген медицина саласы қызметкерлердің құрметіне арналады. Бұл-ел құрметінің белгісі,-деді Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов.
Аллеяда аудан тұрғындарының демалып, бой сергітуге ыңғайлы орындықтар, түнгі жарықтандыру шамдары орнатылған. Арша, аққайын көшеттері отырғызылған. Аллея ортасынан « Ардақты ардагерлер» және « Өзгенің өмірін арашалаймын деп, өз өмірін қиған ақ халатты абзал жандар» тақтайшалары орнатылған.
Жиын барысында пандемия кезінде індетпен күресуде жанкештілік танытып, қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасыларына сый-сияпаттар тапсырылды. Алғыс айтылып атқарылған адал еңбектері бағаланып, елге айтылды. Қаншама адамдар алғыс білдірді. Сертіне қашанда адал, жаны да халаты секілді ақ құрметті де қәдірлі ақ халатты абзал жандар. Алдыңғы ұстаз дәрігерлер мен қәзіргі таңда еңбек етіп келе жатқан дәрігерлер өскелең ұрпаққа жақсы тәрбие. Адалдық пен еңбекқорлықтың мысалы.
Түркістан облысында короновирус індетіне қарсы күресуге бағытталған 44 аурухана мен емхана, оңалту орталықтары мен санаториялар қызмет көрсетіп отыр. Сонымен қатар 27 БМСҚ, 190 дәрігерлік амбулатория, 266 фельшерлік-амбулатория және 210 медициналық пункт бар. Қәзіргі таңда да індетке қарсы күрес бәсеңдеп, тұрақталды. Жағдай сала мамандарының бақылауына алынған.