2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік мәні бар аурулардың жаңартылған тізбесі күшіне енеді. Тізбеге алғаш рет инсульт салдарынан дамыған эпилепсия және цереброваскулярлық аурулар (1 жыл бойы) енгізілді. Бұл пациенттерді ерте оңалтуды және тұрақты медициналық бақылауды қамтамасыз етеді.
2026 ЖЫЛДАН ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ БАР АУРУЛАР ТІЗБЕСІ ЖАҢАРТЫЛАДЫ
Сонымен бірге төрт ауру:
• балалардың церебральды сал ауруы,
• ревматизм,
• дәнекер тінінің жүйелік зақымдануы,
• қант диабеті
динамикалық бақылауға жататын аурулар тізбесіне ауысады және МӘМС жүйесі арқылы қаржыландырылатын болады.
Медициналық көмектің көлемі қысқармайды.
Диагностика, емдеу, дәрілік қамтамасыз ету және оңалту толық көлемде сақталады. Өзгеріс тек қаржыландыру тетігіне қатысты.
Церебральды сал ауруы бар пациенттердің басым бөлігі (99%) МӘМС жүйесінде сақтандырылған, сондықтан медициналық көмектің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі. Қант диабетімен ауыратын пациенттер бұрынғыдай заманауи инсулиндермен, сорғылы терапиямен және қажетті еммен толық қамтамасыз етіледі.
Мемлекет әлеуметтік осал топтарды сақтандыруды жалғастырады. Бұл МӘМС шеңберінде қымбат диагностикалық және оңалту қызметтеріне де тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.