Балалар – бұл біздің болашағымыз.





Балалар – бұл біздің болашағымыз.Бастаған ізгі істеріміздің жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт-құсымыздың қанаты. Балалар – тыныштық пен мейірім символы. Осы себепті олардың бақытты болуы үшін ештеңе аямаймыз. Әсіресе, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде бұл қамқорлығымыз және де арта түседі.


Құрметті балалар, достар, ата - аналар! Сіздерді бүгінгі 1 - маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі, еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз, еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын - деп Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының Балалар бөлімінде жатқан балаларға бас дәрігеріміз Б.И.Мирзалиев өз тілегін білдірді.



Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы «Балалар бөлімі»


Бахыт Мырзалиев – Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері