Науқастың сапалы ем алуы бір жүйеге қойылды. Бірізділікке салынып, жұмысы жанданған ауруханаларға Сарыағаш ауданының халқы ризашылықтарын білдіреді. Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың шарапатын көрген қарапайым халықтың бүгінгі пікірі. Түрлі дертіне шипа іздегендер, медициналық қызметтің қол жетімді болғанына қуанып отыр. Бас қаладан өңірге арнайы іс-сапармен келген қордың басқарама төрағасы жүйенің жүйелі жұмысын көзбен көріп қайтты.
ӨЗІҢІЗДІ САҚТАНДЫРДЫҢЫЗ БА?
Денсаулығы сыр беріп, төсекке таңылған 63 жастағы қарияның бүгінгі жағдайы көз танысты қуантады. Нұрділлә Есмұрзаевтың отадан кейінгі ахуалы біртіндеп жақсарып келеді. Химиялық терапиясын тегін алды, медициналық қызметтің жоғары дәрежесін көрді. Қазір түрлі витаминдер мен қажетті көмекті күнде алуда. Жаңа жүйенің тиімділігіне, ақ халатылардың біліктілігіне қуанып отыр.
Нұрділлә Есмұрзаев – Сарыағаш ауданының тұрғыны
Еліміздің бас қаласынан аймақтағы емхана мен ауруханалардың жағдайын бағамдауға ат басын бұрған «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ – ның басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұловтың сапары бұл. Мақсат аудандағы бірқатар медициналық орталықтарды аралап, жаңа жүйе бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысу. Сапар аудандық орталық ауруханадан басталды. Медициналық тіркеуге алынғандарды тізбектеп, мүмкіндігін қарады.
Айбатыр Жұмағұлов - «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ басқарма төрағасы
Орталық аурухана жергілікті 192 мың 165 халыққа медициналық қызмет көрсетеді. Орталыққа қарасты 75 емдеу нысаны бар. Барлығы да біріңғай байланыс жүйесіне қосылып, жүктелген міндет бойынша жұмыс жүргізуде.
Бахыт Мырзалиев – Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері
Сапар аясында өткен жылы ел игілігіне берілген Дербісек ауылдық ауруханасына да аяқ бастық. Мұндағы халыққа жасалған жаңа мүмкіндіктің тиімділігін көзбен көрдік. Стандартқа сәйкестендіріліп, соңғы медициналық техналогиялармен қамтылған емхана 18 мыңнан астам жергілікті ағайынға қызмет көрсетеді екен.
shymkenttv.kz Н. Мұхамеджан