Әлеуметтік желілерде қант диабеті, церебральды сал ауруы және басқа созылмалы аурулары бар пациенттер медициналық көмек пен дәрі-дәрмектерден шет қалады деген ақпарат жалған. Министрлік: мұндай пациенттер толық көлемде тегін медициналық көмек алуды жалғастырады.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ РЕСМИ ТҮСІНДІРМЕ БЕРДІ
ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) шеңберінде:
• туберкулез,
• АИТВ,
• вирустық гепатиттер,
• қатерлі ісіктер,
• психикалық бұзылыстар,
• орфандық аурулар,
• миокард инфарктісінен кейінгі 6 ай,
• эпилепсия,
• инсульттан кейінгі бір жылдық оңалту
тегін дәрілік және медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі.
Эпилепсияны әлеуметтік мәні бар аурулар қатарына қосу пациенттерге тұрақты әрі ақысыз ем қабылдауға мүмкіндік береді. Қазақстанда эпилепсиямен 94 мыңға жуық адам, оның ішінде 31 мың бала тіркелген.
Инсульттан кейін бір жыл бойғы тегін бақылау мен оңалту — қалпына келу және мүгедектіктің алдын алуда шешуші кезең.
2026 жылдан бастап МӘМС шеңберінде қаржыландыруға ауысатын аурулар:
• қант диабеті,
• церебральды сал ауруы,
• дәнекер тінінің жүйелік зақымдануы,
• ревматизм.
Бұл жағдайда көмек көлемі қысқармайды, тек қаржыландыру механизмі өзгереді.
Сонымен қатар, әлеуметтік мәні бар барлық аурулардың бастапқы диагностикасы сақтандыру мәртебесіне қарамастан ТМККК аясында тегін жүргізіледі.