Қазақстан Республикасында әрбір азаматтың мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек көлемін (ТМККК/ГОБМП) алуға заңмен белгіленген құқығы бар.
Құрметті тұрғындар!
ТМККК (ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КЕПІЛДІК БЕРГЕН КӨЛЕМІ) шеңберіне кіретін негізгі медициналық көмектер:
• Жедел медициналық көмек – жедел жәрдем қызметі және шұғыл жағдайларда көрсетілетін медициналық көмек.
• Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) – учаскелік дәрігердің қабылдауы, жалпы практика дәрігері, педиатр, мейіргер қызметі.
• Шұғыл және жоспарлы стационарлық көмек – медициналық көрсетілім бойынша ауруханада ем алу.
• Әлеуметтік маңызы бар аурулар (мысалы, туберкулез, онкологиялық аурулар, АИТВ-инфекция, орфандық аурулар, созылмалы вирустық гепатит және бауыр циррозы, психикалық аурулар, және т.б.) бойынша медициналық көмек.
• Жұқпалы аурулар кезінде диагностика, емдеу және эпидемияға қарсы іс-шаралар.
• Профилактикалық екпелер – Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес вакцинация.
• Жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге және балаларға көрсетілетін медициналық көмек.
• Медициналық көрсетілімдерге сәйкес диагностикалық зерттеулер мен емдеу шаралары.
Әрбір пациенттің медициналық көмекті сапалы және уақтылы алуға, өзінің денсаулық жағдайы туралы толық ақпарат алуға, дәрігерді және медициналық ұйымды заңнамаға сәйкес таңдауға, жеке медициналық деректерінің құпия сақталуына құқығы бар.
Егер медициналық қызмет көрсету барысында құқықтарыңыз бұзылды деп есептесеңіз немесе көрсетілген медициналық қызмет бойынша сұрақтарыңыз болса, ең алдымен медициналық ұйымның Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгініңіз.
Мамандар сіздің өтінішіңізді қарап, заң аясында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Құрметті тұрғындар! Өз құқықтарыңызды біліңіз, медициналық қызметтерді заң аясында пайдаланыңыз және денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз.