САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ

Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында Пациенттерді қолдау қызметі жұмыс атқарады.



Пациенттердің құқықтарын қорғау, медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту және туындаған мәселелерді жедел шешу мақсатында аурухана басшысы, басшы орынбасарлары, бөлім меңгерушілері және Пациенттерді қолдау қызметінің жетекшісі бірлесіп қызмет атқарады.



Пациенттер медициналық қызмет көрсету сапасына, емделу барысына, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жұмысына қатысты өтініш, шағым, ұсыныстарын білдіре алады.



Әрбір өтініш мұқият қаралып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданады және жауап беріледі.



Пациенттерді қолдау қызметі – пациент пен медициналық ұйым арасындағы ашық әрі тиімді байланысты қамтамасыз ететін қызмет.



Байланыс телефоны: 8 (707) 402-19-93



Сіздің өтінішіңіз – біздің назарымызда!